| Құрылтайшы | Ақтөбе облысының әкімдігі |
| Меншік нысаны | Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
| Мекен жайы | Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Т.Рысқұлов көшесі, 200А |
| Құрылған жылы | 1982 жыл |
| Қызметкерлер саны | 42 адам |
| Қызмет түрі | Бағыты: Тиісті білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік міндетті білім беру стандарттарының талаптарының негізінде тәрбиеленушілердің жеке тұлға ретінде дамуына, қалыптастырылуына бағытталған білім мен тәрбие алу үшін жағдайлар жасау;
Болашақта тәрбиелі, иманды, өз елін сүйетін, дені сау бүлдіршіндерді тәрбиелеу. Балаларды тәрбиелей отырып білім беруге барлық жағдай жасалған. Балабақшада музыка залы, қазақ тілі және психолог, LEGO, робототехника кабинеттері, белсенділікті арттыру орталығы, кітаптар әлемі орталығы бар. Балаларға эстетикалық тәрбие беру, би өнеріне қызығушылығын арттыру, дене бітімін қалыптастыру мақсатында қосымша хореография үйірмесі, сондай-ақ сөйлеу кемшіліктерін түзетуге арналған логопед үйірмесі ұйымдастырылған. Қызмет тақырыбы: балаларды жан-жақты дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру, ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру, салауатты өмір салтына баулу, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу. |
| Бар құрылымы | Балабақша ғимараты типтік, 1982 жылы салынған, 2 қабатты. Жалпы ауданы — 2531,1 ш. м. 178 бала тәрбиеленеді, 42 қызметкер жұмыс істейді.
2025 жылы күрделі жөндеу жүргізілді: шатыр, су жүйелері, кәріз, желдету, жылу, жарықтандыру, өрт дабылы, бейнебақылау, ішкі және сыртқы әрлеу, есіктер ауыстырылды. Жылыту жүйесі орталықтандырылған. Интернет және Wi-Fi бар. Сыртқы бейнебақылау орнатылған. |
| Ағымдағы жағдайы | «№19 «Бұлақ» балабақшасы» МКҚК-ның ағымдағы жағдайы өте жақсы. |
